ІЗГІЛІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ
Автор мақалада Адамзаттың дүниеде болуы оның рухани құндылықтарымен анықталатындығын ХХІ ғасыр үшін жер тағдырын шешер негізгі мәселелердің бірі екендігіне назар аударады. Адамзат болашағын бағыттауға қажетті рухани күш, ізгі ілім, нақыл сөз, өшпес үлгідегі ақыл-кеңестердің көне мұралардан табылып, танылуы – ұлттық мәдениетіміз, тіліміз бен діліміздің және дініміздің бүгініне, ертеңіне де негіз әрі тірек болар ұлылардың ұрпақпен сабақтастығының заңды құбылысы екендігінің дәлелі ретінде қарастырылады. Көне түркі құндылықтарынан бастау алып, қазақ дүниетанымы мен мұсылман ілімі дискурсынан өрбіген ізгілік (гуманизм) ілімін мақалада қазіргі философиялық танымдық дамудың неғұрлым қажетті әрі маңызды бөлігі деп қарастыруымыз да сондықтан. Қазақ дүниетанымы тарихындағы сабақтастық өзегі, ол – ізгілік (гуманизм) мәселесі, сондықтан ұлттық философия тарихын тереңірек әрі кеңірек тануға көмектеседі.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2021 · Т. 73, № 1, С. 43-59
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK