Әл-Фараби іліміндегі антропологиялық этикасофия
Мақалада әл-Фарабидің рухан мұрасындағы әлеуметтік-этикалық іліміне, әсірес оның антропологиялық этикасофиясының танымдық-тағлымдық астарын ашып, қазіргі кездегі әлеуметтік кеңістіктегі моральдық сипатына тоқталып, қоғам үшін маңыздылығын ашу мақсаты көзделеді. Әл-Фарабидің философиялық мұраларында ұлттық кодымыздың бірегей рухани негіздері жатқанына және ол ғылыми танымның негізі ретінде зор рөл атқаратынына зер салып, мақалада Фараби іліміндегі «бақыт» концепциясында адам мінезінің антропоцентристік сипат алатыны қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда мақаланың міндетіне: 1) қазақ топырағынан шыққан Шығыс ғұламасының еңбектеріндегі әлеуметтік кеңістіктің адами болмысын ашу; 2) жалпы адамзатына тән мінездің антропоцентристік табиғатын айқындау; 3) қоғамның өзгеруі адам мінезінің өзгеруіне тәуелді болуының этикагендік тамырын анықтау; 4) олардың мұсылмандық интеллектуалдық мәдениеттегі әмбебап мәнін ашу және осылардың терең рухани әлеуетін ашып көрсетуді жатқызуға болады. Сондықтан өзіміздің шағын мақаламыз шеңберінде қоғамдағы моральдық уақыт пен моральдық кеңістікті Шығыс ойшылының ілімі арқылы талдауға қадам жасаймыз. Осыған байланысты мәселенің бүгіні мен келешгіне көз жүгіртуге мүмкіндік туады, оның маңыздылығы арта түседі, оны одан әрі зерттеуге жол ашылады.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2021 · Т. 73, № 1, С. 3-17
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK