ТӘҢІРШІЛДІК, ШАМАНИЗМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СЕНІМДЕР ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ЕРКІНДІК ТҮСІНІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дін тарихын білмей белгілі бір аймақта тұратын халықтардың өмірін терең түсіну мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани ба-стауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын түсіну, діни жүйелерді зерттеудің маңызы зор. Ежелгі Қазақстан жеріндегі сенімдер тәңіршілдіктен бастап, исламның келуіне дейінгі кезеңді қамтиды, көптеген діни ілімдер Тәңірге табыну, Жер-Су, Ұмай, Митраға табыну, шамандық пен пұтқа табынушылық, буддизм, манихейлік, несториандық ағымдағы христиандық, зороастризм концепциялары тарала отырып, олар белгілі бір аспектілерде этика мен мәдениеттің негізін құрады және осы уақытқа дейін біздің дүниетанымымызда сақталып қалды. Дін ежелгі руханияттың ажыра-мас бөлігі екенін ескерсек, өткен тарихта мәдениет пен өркениеттің барлық сала-ларын қамтыды. Олар халықтың салт-дәстүрлерінде, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсініп, қабылдануында сақталды. Сондай ақ, діни көзқараста еркіндіктің абсолютті бастауы – Құдай болғандықтан, адам өз еркін Құдайға бағындырса, онда ол жоғары еркіндікке ие болады.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2020 · Т. 72, № 4, С. 100-112
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK