ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ АУҚЫМЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ КОНЦЕПТІСІ: ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ МӘНІ
Қазақ халқының рухани мәдениетінің, ұлттық менталитетінің өзегін құрайтын дүниетанымдық ұстанымдар этикалық категориялар арқылы си-патталады. Келісім концептісі осы этикалық жүйенің негізгі арқауы екені мақалада барынша тарихи-философиялық тұрғыда дәйектеледі. Жалпы далалық өмір салты үшін өзара келісімнің, ымыраласудың, диалогтың өте маңызды рөл атқарғанын Ұлы дала тарихының өзіндік мазмұнынан байқауға болады. Этникалық руха-ни және әлеуметтік кеңістікте құқықтық қатынастардың моральдық санамен өте жақын өрбуі және олардың көбінесе өзара астасып жатуы дала философтарының шығармашылығында кеңінен талдаудан өткізілген. Әсіресе, Абайдың рухани мұрасы келісім копцептісін айшықтаудағы өзіндік рационалдық әлем екені анық. Әлеуметтегі келісімнің жоғары түрі мен сипаты адамның рухани әлемін қамтитыны мақалада күрделі мәселе ретінде көтеріліп, біршама өзіндік шешімін табады.
Сведения
- Журнал
- Al-Farabi
- Опубликовано
- 2020 · Т. 72, № 4, С. 84-99
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1999-5911 · 2960-2173
- Издатель
- Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK