Central AsianResearch Index

ХАКІМ АБАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰТ БІЛІМІ

Елімізде хакім Абай дүниетанымын зерделеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Десек те, хакімнің дүниетанымындағы құт білімі алғаш назарға ілініп отыр. Соған сәйкес хакімнің өлеңдері мен қара сөздері құт білімі тұрғысынан сарала-нады. Оның ішінде ойшылдың жиырма екінші және қырық төртінші қара сөздерінде кездесетін «құттылар», «құттанып», «құт-береке» ұғымдарының қолданыс мәнін ашуға талпыныс жасалады.Зерттеуші құт біліміне жалпылама шолу жасай келе, хакім Абайдың бес асыл ісі: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды құт білімінің өлшемдері деп таныла-ды. Сондай – ақ, адамшылық құндылықтары мен кісілік қалыптарды сақтауда құт білімінің кісендері, кісілік кәмалат білімінің құндылығы баяндалады.Автор хакім Абайдың рухани мұрасын құт білімі деп қабылдау қажеттілігін сөз етіп, оның ұлттық руханиятқа, еліміздің кемелді өсіп-өнуіне берері мол екендігіне тоқталады. Осы мәселені шешуде ізденуші герменевтика тұғырынан зерттеудің қажеттілігін негіздейді.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2020 · С. 24-35
Язык
Казахский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK