Central AsianResearch Index

ИАСАУИ МЕН ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР

Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иасауидің адам мәселесі, яғни адам туралы ілімдерінің мәні туралы ой ортаға салынады. Дәстүрлі түркілік дүниетаным және ислам өркениеті негізінде сусындаған екі ойшылдың бірі, Әл-Фараби – филосо-фия, екіншісі, Иасауи – хикмет арқылы адам мәселесі туралы ой толғаған ойшылдар. Фараби мен Иасауи іліміндегі адам туралы түсініктер бүгінгі қоғам үшін теориялық әрі практикалық жаңаша ойлауымызға, санадағы серпілістің жаңғыруына ықпал ететін қордалы ойдың көзі. Осынау бабалар мұрасының ұлттық дүниетанымдық арнамызды қалпына келтірудегі, қалыптастырудағы маңызы, мәні, орны жаңаша, жан-жақты ғылыми зерделеуді қажет етеді. Фараби мен Иасауи ілімін танымдық тұрғыдан қараған автор екеуінде айырмашылықтарға қарағанда ұқсастықтар басым. Мақалада Иасауи мен Фараби мұраларындағы антропологиялық тұжырымдарға са-лыстырмалы түрде ғылыми талдау жасалған.

Сведения

Журнал
Al-Farabi
Опубликовано
2020 · Т. 72, № 4, С. 12-23
Язык
Казахский
ISSN
1999-5911 · 2960-2173
Издатель
Institute for Philosophy, Political Science & Religion Studies of Committee Science of MES of the RK