Central Asian Research Index

Central Asian Journal of Art Studies, 2020, т. 5, № 3, с. 40-49

Алмабек Мейірбековтің балеттік шығармашылығы. Замандастарының толғаныстары

Дамир Уразымбетов, Гульнара Гизатова

Аннотация · Abstract

Қазіргі Қазақстан композиторларының ішінде Алмабек Мейірбековтың есімі ерекше орын алады. С. Ә. Күзембаеваның айтуынша, оның музыкасында «жарқын ұлттық колорит, эмоционалды байлық, әуезді жылулық және оркестрлік тапқырлық» бар. Бұл мақалада авторлар замандастарының естеліктері арқылы композитордың шығармашылық портретін бейнелейді. А. Мейірбековтің біздің пікірімізше, әлі күнге дейін лайықты бағасын алмаған. Музыкалық шығармашылығының мәнін түсіну үшін, оның туындыларын тыңдау керек. Композитордың балет шығармашылығы сан жағынан бай емес, бірақ бір ғана «Алдар Көсе» балеті еліміздің жетекші музыкалық театрының сахнасында көруге тұрарлық.

Сведения · Details