Central Asian Research Index

Central Asian Journal of Art Studies, 2026, т. 11, № 3, с. 200-215

БАЛЕТМЕЙСТЕР ЗАУРБЕК РАЙБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ЛИРИКАЛЫҚ ХОРЕОГРАФИЯСЫ

Карлыгаш Айткалиева

Аннотация · Abstract

Мақалада қазақ өнертануындағы өзекті мәселе – балетмейстер Заурбек Райбаевтың лирикалық хореографиясына тән пластикалық-көркемдік жүйенің жеткілікті жүйеленбегендігі қарастырылады. Оның «Қосалқа», «Шолпы», «Асатаяқ», «Биші қайың» билері жеке-жеке сипатталғанмен, оларды біріктіретін ортақ көркемдік заңдылықтар нақты критерийлер негізінде салыстырылмаған, бұл ғылыми мәселені туындатады: Райбаевтың лирикалық билеріне тән пластикалық-композициялық жүйе қандай және ол музыка, костюм, ұлттық символикамен қалай байланысады? Зерттеудің мақсаты – аталған төрт лирикалық биді бес критерий (пластикалық лексика, композиция, музыка-қимыл байланысы, ұлттық символика, балетмейстерлік әдіс) негізінде салыстырмалы талдау арқылы Райбаевтың көркемдік-пластикалық жүйесін анықтау. Зерттеу барысында театртанушылық-өнертанушылық талдау мен тарихи-типологиялық әдістер қолданылды; отандық дереккөздермен қатар халықаралық dance studies және performance studies бағытындағы еңбектер (Kealiinohomoku, Kaeppler, Foster, Hanna, Schechner, Nahachewsky) тартылды. Нәтижесінде Райбаевтың лирикалық хореографиясына тән пластикалық белгілер жүйеленіп, музыка, қимыл, костюм және ұлттық символиканың өзара байланысы анықталды, оның авторлық стилінің бес негізгі сипаты айқындалды. Алынған нәтижелер Дәурен Әбіров, Болат Аюханов, Минтай Тілеубаев шығармашылығымен салыстырыла отырып талқыланды, бұл Райбаевтың қазақ сахналық хореографиясының дамуындағы дербес орнын нақтылауға мүмкіндік берді; зерттеу шеңбері төрт биімен шектелгендіктен, келешекте балетмейстердің ірі балеттік қойылымдарын да осы модель бойынша талдау перспективалы бағыт болып табылады. Мақаланың нәтижелері жас биші-хореографтардың кәсіби дайындығында және қазақ хореографиясы тарихын оқытуда практикалық маңызға ие.

Сведения · Details