Central Asian Research Index

Central Asian Journal of Art Studies, 2026, т. 11, № 3

ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЫНДАҒЫ ПОСТДРАМАЛЫҚ РЕЖИССУРА ТӘЖІРИБЕСІ: КӨРКЕМДІК-МАҒЫНАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР

Назерке Құмарғалиева, Меруерт Жаксылыкова

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстандағы постдрамалық режиссураның қалыптасу үдерісі, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері және ұлттық театр тәжірибесіндегі көріністері қарастырылады. Қазақстанның қазіргі театр кеңістігінде байқалып отырған көркемдік-эстетикалық өзгерістер режиссерлік ізденістердің жаңа бағыттарын айқындап, театрлық тілдің өзгеруіне ықпал етуде. Бұл үдерістер театрды тек көркемдік тәжірибе алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар теориялық және ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты - постдрамалық эстетиканың қазақстандық режиссерлік тәжірибеге ықпалын анықтап, оның сахналық құрылым, көркемдік тіл және жаңа мағына құрудағы тәсілдеріндегі өзгерістерді саралау. Осы мақсатқа сәйкес бірқатар міндеттер қойылды: постдрамалық театрдағы режиссураның теориялық негіздері қарастырылды; қазақстандық театр тәжірибесіндегі негізгі көркемдік ізденістер жүйеленді; дәстүрлі және постдрамалық режиссура арасындағы өзіндік айырмашылықтарды айқындауға талпыныс жасалды; режиссерлік шешімдердің актерлік орындаушылық, сахна кеңістігі мен визуалды компоненттері арасындағы көркемдік байланысы талданды. Сонымен қатар, мақала авторлары алғаш рет отандық постдрамалық театр тәжірибелерінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде үш толқынға бөліп қарастыруға талпыныс жасайды. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін Ханс-Тис Леманның постдрамалық театр тұжырымдамасы, сондай-ақ шетелдік және отандық театртанушылардың ғылыми еңбектері құрайды. Зерттеуде театртанушылық, компаративтік және театрлық-тарихнамалық әдістер қолданылды. Әлібек Өмірбекұлы сахналаған «Турандот» трагикомедиясы постдрамалық эстетика өлшемдері арқылы талдауға алынды. Зерттеу нәтижесінде отандық постдрамалық тәжірибедегі сахналық элементтердің иерархиясыздануы, перформативтік әрекет, актердің денелік қатысуы, көрерменмен тікелей коммуникация және режиссерлік авторлықтың күшеюі постдрамалық эстетиканың негізгі белгілері ретінде айқындалды. Зерттеу қазақстандық постдрамалық режиссураның заманауи әлемдік көркемдік ізденістер ағымынан шеттемегендігін және жаңа режиссерлік тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық сананы оятатын, рухани серпіліс беретін жаңа көркемдік мағына туғызатын спектакльдері арқылы режиссерлік авторлықтың күшейгенін көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі қазақ театр режиссурасының дамуында постдрамалық бағыттың маңызды шығармашылық тенденцияға айналып отырғанын айқындайды. эстетикалық өзгерістер режиссерлік ізденістердің жаңа бағыттарын айқындап, театрлық тілдің өзгеруіне ықпал етуде. Бұл үдерістер театрды тек көркемдік тәжірибе алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар теориялық және ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты - постдрамалық эстетиканың қазақстандық режиссерлік тәжірибеге ықпалын анықтап, оның сахналық құрылым, көркемдік тіл және жаңа мағына құрудағы тәсілдеріндегі өзгерістерді саралау. Осы мақсатқа сәйкес бірқатар міндеттер қойылды: постдрамалық театрдағы режиссураның теориялық негіздері қарастырылды; қазақстандық театр тәжірибесіндегі негізгі көркемдік ізденістер жүйеленді; дәстүрлі және постдрамалық режиссура арасындағы өзіндік айырмашылықтарды айқындауға талпыныс жасалды; режиссерлік шешімдердің актерлік орындаушылық, сахна кеңістігі мен визуалды компоненттері арасындағы көркемдік байланысы талданды. Сонымен қатар, мақала авторлары алғаш рет отандық постдрамалық театр тәжірибелерінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде үш толқынға бөліп қарастыруға талпыныс жасайды. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін Ханс-Тис Леманның постдрамалық театр тұжырымдамасы, сондай-ақ шетелдік және отандық театртанушылардың ғылыми еңбектері құрайды. Зерттеуде театртанушылық, компаративтік және театрлық-тарихнамалық әдістер қолданылды. Әлібек Өмірбекұлы сахналаған «Турандот» трагикомедиясы постдрамалық эстетика өлшемдері арқылы талдауға алынды. Зерттеу нәтижесінде отандық постдрамалық тәжірибедегі сахналық элементтердің иерархиясыздануы, перформативтік әрекет, актердің денелік қатысуы, көрерменмен тікелей коммуникация және режиссерлік авторлықтың күшеюі постдрамалық эстетиканың негізгі белгілері ретінде айқындалды. Зерттеу қазақстандық постдрамалық режиссураның заманауи әлемдік көркемдік ізденістер ағымынан шеттемегендігін және жаңа режиссерлік тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық сананы оятатын, рухани серпіліс беретін жаңа көркемдік мағына туғызатын спектакльдері арқылы режиссерлік авторлықтың күшейгенін көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі қазақ театр режиссурасының дамуында постдрамалық бағыттың маңызды шығармашылық тенденцияға айналып отырғанын айқындайды.

Сведения · Details