Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ АРТСТРИМ: ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК КОНВЕРГЕНЦИЯ

Қазіргі кинематографиялық үдерісте арт-синема мен мейнстрим арасындағы шекаралар айқындылығын жоғалтып, өзара ықпалдасу тенденциясы күшейіп отыр. Осы контексте артстрим арт-синемаға тән көркемдік ізденіс пен режиссерлік даралықты мейнстримдік баяндау, жанрлық қолжетімділік және аудиторияға бағдарлану принциптерімен ұштастыратын аналитикалық модель ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ киносындағы артстримнің қалыптасу алғышарттары мен эволюциясын саралап, оның стильдік және жанрлық конвергенциясын, ұлттық мәдени кодты экрандық тілде трансформациялау ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу тарихи-кинотанушылық, салыстырмалы-сараптамалық, кинотанулық және семиотикалық талдау әдістеріне негізделді. Артстримнің қалыптасу алғышарттары мен эволюциясын анықтау үшін 1960-жылдардан қазіргі кезеңге дейінгі қазақ киносының көркемдік және жанрлық трансформациялары қарастырылды. Қазіргі артстримнің көркемдік ерекшеліктері «Қап-қара адам», «Бақыт», «Қаш», «Дәстүр» фильмдері негізінде талданды. Сонымен қатар фильмдердің тарихи-мәдени контекстін ашу үшін сын мақалалар мен режиссерлердің сұхбаттары пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ артстриміне режиссерлік көркемдік дербестік пен жанрлық қолжетімділіктің тоғысуы, визуалдық және нарративтік ізденіс, әлеуметтік-психологиялық мазмұнның көпқабаттылығы, жанрлық формалардың көркемдік трансформациясы, ұлттық мәдени кодтың заманауи экран тілі арқылы қайта пайымдалуы, сондай-ақ көркемдік күрделілік пен аудиториялық қолжетімділіктің қатар жүруі тән екені анықталды. Қазіргі фильмдерде детектив, нуар, әлеуметтік драма, тарихи драма мен хоррор элементтері әлеуметтік қысым, тұрмыстық зорлық, тарихи жарақат және дәстүр мәселелерін ашатын көркемдік тетікке айналады. Осылайша, қазақ артстримі арт-синема мен мейнстримнің механикалық қосындысы емес, ұлттық киноның тарихи дамуы барысында қалыптасқан көркемдік, жанрлық және аудиториялық стратегиялардың өзара ықпалдасуынан туындайтын динамикалық модель ретінде тұжырымдалады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 11, № 3
Язык
Казахский
ISSN
2414-4177 · 2520-2162
Издатель
Temirbek Zhurgenov Kazakh National Academy of Arts