Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ БЕКСЕЙІТ ТҮЛКИЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРІ

Бексейіт Түлкиевтің шығармашылық мұрасы ұлттық дәстүрлер мен халықаралық көркемдік бағыттардың (сюрреализм мен символизм) синтезі болып табылады. Оның туындыларына кешенді талдау жүргізу арқылы зерттеу ХХ ғасырдағы қазақ өнеріндегі жаһандану мен ұлттық болмыстың өзара әрекеттесу процесін тереңірек ашуға, сондай-ақ суретшінің өзіндік бейнелеу тілінің қалыптасу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада шебердің ұлттық кескіндемеге қосқан үлесі жан-жақты талданып, оның өнеріндегі философиялық ойлар мен әлеуметтік мәселелер тереңімен қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі, ХХ ғасыр қазақ кескіндемесіне жаңа бағыт берген суретшінің бірегей әдіс-тәсілін тереңірек – өнертанулық және философиялық деңгейде зерделеу қажеттілігімен негізделеді. Мақсаты Бексейіт Түлкиев шығармашылығының көркемдік әдісі мен философиялық мазмұнының негізгі сипаттамаларын анықтау және талдау болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін автор алдымен суретші туындыларындағы негізгі тақырыптар мен сюжеттерді анықтады. Содан кейін ол «Ұлы көш», «Қонақ», «Суретші түсі», «Көкпар» және «Дала тынысы» сияқты шығармаларына семиотикалық талдау жүргізді. Зерттеу нәтижесінде суретші шығармаларында ұлттық мәдени ерекшелік пен әмбебап философиялық мәселелердің өзара байланысы ашылып көрсетілді. Мақалада автор кешенді өнертанушылық зерттеуді стилистикалық және семиотикалық талдау әдістері негізінде жүргізді. Бұл әдістер кескіндеменің маңызды ерекшеліктерін, оның символдық тілін бағытталғаны анықталды. Суретшінің картиналарында сюрреализм мен символизмді синтездеген ерекше көркемдік әдіс анықталып, сипатталды. Шығармаларды талдау олардың терең философиялық және тарихи-мәдени мазмұнын ашты. Сонымен қатар, ұлттық бейненің жаһандық контексте қалай қалыптасқаны және автордың өмір мен адам табиғатына деген көзқарасы қалай бейнеленгені анықталды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 10, № 3, С. 247-265
Язык
Казахский
ISSN
2414-4177 · 2520-2162
Издатель
Temirbek Zhurgenov Kazakh National Academy of Arts