Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Education Studies, 2026, т. 3, № 141, с. 5-19

Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың құрылымы мен мазмұны

З. КУАНЫШБАЕВА, Г. САДУАҚАС

Аннотация · Abstract

Мақала мазмұнында бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру мәселесі жан-жақты қарастырылып, талдау жасалынған. Мақала мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектері және бастауыш сыныпта сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының, нормативтік құжаттарын жалпы әдістемелік нұсқаулықтарды негізге ала отырып жазылды. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі әдістемелік деңгейде ұйымдастыру оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытып, көркем мінездің қалыптасуын қамтамасыз ету негізі болып табылады. Мақалада сипаттау, талдау әдістері қолданылды. Ғылыми зерттеу тақырыбы аясында ғылыми-педагогикалық басылымдарға талдау жасалып, негізгі ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ұсынылды. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін қалыпқа келтіруде сыныптан тыс жұмыстардың құрылымы мен мазмұнының маңызды екендігі анықталды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушының қоршаған ортаны тану білімін кеңейтумен бірге адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, мәдениетті тұлға болуына мүмкіндік береді. Зерттеуде бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушының мінез-құлық мәдениетін дамыту жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістемесі негізге алынды. Арнайы бағдарламалар негізінде жұмыс жасау жұмыстың сапасы мен нәтижесіне қол жеткізуге ықпал жасап, педагогикалық үдерісінің тиімділігін арттырады. Мақалада бастауыш сынып мұғалімдерінің сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтарын, әдептілікке баулу мен өзгені құрметтеу, қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін сақтау, салауатты өмір салтын орнықтыру жұмыстарының негізгі бағыттары мен эксперимент жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Оқушының бойында әдепті мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жүйесі сипатталып, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының мазмұны мен үлгісі жасалынған. Ұсынылған үлгідегі жұмыстар бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыру және жүйелі жұмыс жоспарын құруға септігін тигізеді.

Сведения · Details