Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Education Studies, 2026, т. 2, № 140, с. 149-161

БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Р. ИБРАГИМОВ, Е. ИСМАИЛ

Аннотация · Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінде оқыту үдерісінің сапасын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл тұрғыда болашақ математика мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Зерттеулерге сәйкес, мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен педагогикалық шеберлігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жоғарылатуға және оқыту үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осыған байланысты болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығы барысында шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне жүргізілген әдеби шолу нәтижесінде шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны мен құрылымы, сондай-ақ педагогикалық шеберлікпен байланысы анықталады. Зерттеу барысында болашақ мұғалімдердің шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдер ұсынылады және олардың тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеріледі. Бұл мақалада шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру көрсеткіштері ретінде: болашақ мұғалімдердің инновациялық ойлау қабілетінің дамуы; педагогикалық жағдаяттарға креативті шешім қабылдай алуы; теориялық білімдерін практикалық жағдаяттарда қолдана білуі; кәсіби қызметке деген мотивациясының артуы мен эмоционалдық-құндылықтық қатынасының тұрақты болуы ұсынылады. Зерттеу нәтижелері болашақ математика мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстарды ұсынуға мүмкіндік береді.

Сведения · Details