Yassawi Journal of Education Studies, 2026, т. 2, № 140, с. 68-83
МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада 6В07154 - «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасында оқитын студенттердің математиканың қолданбалы есептері арқылы пәнаралық интгерацияны жүзеге асыру туралы мәселелер қарастырылған. Мақалада студенттерді математикаға қызықтыратын қолданбалы сипаттағы есептерді шығаруға үйрету көзделеді. Пәндік оқыту жүйесін пайдаланған кезде пәнаралық интеграция білімнің әртүрлі деңгейде үндесуі мен оларды тұлғаның шынайы өмірлік жағдайларда практикалық және күрделі қолдану қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Мақалада оқу материалының мазмұнында математикалық білімді нақты теориялық тұрғыдан алып қана қоймай, оның қолданбалы тұстарының маңыздылығын білімгерлерге түсіндіру, сонымен қатар игерген математикалық білімді жаңа жағдайларда және тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беру үшін пәнаралық интеграцияның қажеттілігі негізделеді. Пәндік интеграциялық оқытуды ұйымдастыруда білімгерлердің танымдық қызығушылығы мен білім сапасын арттыру жолдары, нәтижесі айқындалған. Білім беруді интеграциялауда педагогикалық үдерістің мүмкіндіктері кеңейіп, оқытудың инновациялық технологияларын қолдануға жол ашылады. Зерттеу барысында ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтерін оқыту процесінде пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігі анықталды. Әзірленген әдістеме студенттердің білім сапасын арттыруға, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталды. Педагогикалық эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, өмірмен байланысты есептерді шешу, зерттеу жобаларын орындау және цифрлық құралдарды қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырғанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері математикалық білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктерді анықтауға негіз болды.
Сведения · Details
- DOI 10.47526/3107-3123.334
- Журнал · Journal Yassawi Journal of Education Studies
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by/4.0