Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Education Studies, 2026, т. 2, № 140, с. 57-67

АУЫЛ ЖӘНЕ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ САПАСЫ ТУРАЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

А.Н. ЖАНБЫРБАЕВА, ЖҮЗЕЕВ С.Ә., Н. САГИДОЛДА

Аннотация · Abstract

Мақалада ауыл және қала мектептерін бітірген студенттердің мектеп қабырғасындағы білім беру сапасына қатысты қабылдау ерекшеліктері салыстырмалы және сандық негізде зерттеледі. Жүргізілген зерттеудің басты мақсаты – ауылдық және қалалық ортада білім алған студенттердің мектептегі оқу үдерісіне, педагогикалық қолдау шараларына, материалдық-техникалық базаға және цифрлық ресурстарға қатысты пікірлерін анықтап, олардың айырмашылықтарын ғылыми тұрғыда талдау. Зерттеу мазмұны білім алушылардың мектептегі білім сапасына қатысты көзқарастарын сипаттайтын 16 индикаторды қамтып, ауыл және қала мектептерін бітірген студенттердің жауаптарын салыстырмалы талдау негізінде ашылады. Талдаудың нәтижелері білім беру сапасындағы айырмашылықтардың қай аспектілерде айқын көрінетінін көрсетуге бағытталды. Эмпирикалық деректер қазақстандық екі университет студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде жинақталып, JASP статистикалық талдау бағдарламасының көмегімен талданды. Жиналған деректерді өңдеуде дескриптивті статистика, тәуелсіз t-тест және Pearson корреляциялық талдауы қолданылды. Талдау нәтижелері бойынша қалалық мектеп түлектері білім беру сапасына, мұғалімдердің кәсіби деңгейіне, технологиялық мүмкіндіктерге және қосымша қолдауға жоғары баға бергені анықталды. Ауылдық мектеп түлектері болса кейбір педагогикалық қатынас пен тәрбие саласына оң көзқарас танытқанымен, жалпы инфрақұрылым мен заманауи білім беру талаптары бойынша әлсіз тұстарын байқатты. Pearson корреляциясы арқылы айнымалылар арасындағы өзара байланыстардың құрылымы анықталып, білім беру сапасына әсер ететін негізгі факторлар ғылыми негізде сипатталды. Алынған зерттеу нәтижелері ауыл мен қала мектептері арасындағы теңсіздіктің құрылымдық сипатын ашуға, сонымен қатар болашақ реформалар үшін нақты ұсыныстар жасауға негіз болады. Мақалада білім беру теңсіздігі тақырыбы жан-жақты қарастырылып, шынайы деректерге сүйенген ғылыми қорытындыларымен ерекшеленеді. Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасына қатысты көзқарастарын эмпириялық әдістер арқылы талдау нәтижелері білім беру саласын дамытуға арналған практикалық ұсыныстарды әзірлеп, негіздеуге мүмкіндік береді.

Сведения · Details