Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Education Studies, 2026, т. 2, № 140, с. 136-148

ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЛАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ

Ә. БӘКІРЖАНҚЫЗЫ, Е.В. ПОНОМАРЕНКО

Аннотация · Abstract

Мақалада студенттердің оқу жетістіктерін ағымдағы бақылау мәселелеріне арналған зерттеудің мазмұны мен нәтижелері сипатталған.Бұл мәселе екі факторға байланысты өзекті болды. Бірінші фактор классикалық университеттің зерттеу университетіне айналуымен байланысты. Екінші фактор – жасанды интеллект құралдарын пайдалану контекстінде студенттердің білімін үздіксіз бақылау. Зерттеудің мақсаты – қазіргі жағдайда студенттердің оқу жетістіктерінің тұрақты мониторингін жүзеге асыру мәселесі бойынша ақпараттық іздестіру, проблемалық өрісті зерттеу және ғылыми білімді жалпылау. Зерттеуде бақылау, талқылау, ақпарат іздеу, нормативтік құжаттарды зерделеу, сонымен қатар факторлық талдау, салыстырмалы талдау, бағалау, сараптау және жалпылау әдістері қолданылды. Теориялық талдау нәтижелері қазіргі жағдайда студенттердің оқу жетістіктерінің тұрақты мониторингін жүзеге асырудың өзекті мәселесін практикалық шешуге негіз болады. Студенттердің білімін ағымдық бағалауды жүзеге асырудағы қиындықтардың бірі – бағалаудажасанды интеллект құралдарына кең таралған және іс жүзінде шексіз қолжетімділік жағдайында жүзеге асырылуы болып табылады. Студенттерді үздіксіз бағалауда жасанды интеллект құралдары мен цифрлық технологияларды пайдалануға тыйым салу қарапайым, бірақ ақылға қонымсыз шешім. Сондықтан басқа да тәсілдер мен шешімдерді зерттеу керек.Мақала ғалымдарға, әдіскерлерге және жоғары оқу орындарының оқытушыларына пайдалы болады.

Сведения · Details