Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Philology, 2026, т. 2, № 2, с. 93-103

КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ МОДАЛДІЛІКТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Т. РАМАЗАНОВ, Б.Ә. ТӨРЕХАН

Аннотация · Abstract

Мақалада көркем мәтіндегі модалділіктің функционалды-семантикалық сипаты үш мәтіндік модус – сипаттау, баяндау және пайымдау тұрғысынан талданады. Мұнда модалділік авторлық ұстанымды білдірудің, оқырман қабылдауын бағыттаудың және мазмұнның құндылықтық өлшемін айқындаудың тетігі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – модалдік мағынаның мәтін деңгейінде қалай ұйымдасатынын көрсету. Осы мақсатта сипаттау, баяндау және пайымдау модустарының тілдік тетіктері нақтыланып, сенім мен күмәнді білдіретін эпистемикалық реңк, міндет пен қажеттілікке қатысты деонтикалық қыр және бағалау мен норманы танытатын аксиологиялық қабаттардың өзара байланысы ашылды. Сонымен бірге автор дауысы, баяндаушы позициясы мен фокализацияның модалдік реңк түзуге қосатын үлесі айқындалды. Эмпирикалық база ретінде М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев және М. Мағауин прозасынан іріктелген нақты үзінділер алынды; сол үзінділерде модаль сөздер мен рай формалары, бағалауыш лексика, қыстырма-қаратпа құрылымдар, еркін жанама сөйлеу және пунктуациялық тәсілдер лингвистикалық тұрғыдан сипатталып, олардың авторлық ұстаныммен байланысы айқындалды. Әдіснамалық негіз ретінде функционалды-семантикалық талдау наратологиялық-прагматикалық тәсілмен ұштастырылды. Функционалды-семантикалық талдау модалдік мағынаны жеке форма ретінде емес, өзара әрекеттесетін тілдік құралдардың жүйесі ретінде қарастырады; модаль сөздер мен бөлшектер, рай-шақ тұлғалары, бағалауыш лексика, қыстырма құрылымдар және интонация бір өрісте тоғысып, эпистемикалық сенім мен күмәнді, деонтикалық міндет пен қажеттілікті, аксиологиялық бағалау мен норманы ұйымдастырады. Наратологиялық-прагматикалық тәсіл бұл өріске мәтіннің «кімнің көзінен, қай тұрғыдан, қандай ниетпен» берілетінін қосады. Зерттеу нәтижесінде сипаттау модусында модалдік реңк оқырманның қабылдауын астарлы түрде бағыттайтыны, баяндауда оқиға желісі қажетті әрекетті оқиға логикасының табиғи нәтижесіне айналдыратыны, пайымдауда дәлел мен қорытынды арқылы қағидалық тұжырым айқын негізделетіні көрсетілді. Ғылыми маңыздылығы – модалділікті жеке форма ретінде емес, мәтін ішінде бірізді амалдар жүйесімен жұмыс істейтін тұтас өріс деп дәйектеу: алдымен қабылдауды бағыттау, кейін оқиғалық дамуды құрылымдау, соңында уәжге негізделген тұжырымды орнықтыру. Практикалық құндылығы – әдеби талдау, стилистика, мәтінді түсіндіру және жазу дағдыларын оқытуда қолдануға қолайлы сипаттамалық үлгі мен нақты тілдік көрсеткіштер жинағын ұсынуы.

Сведения · Details