Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Philology, 2026, т. 2, № 2, с. 195-210

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫ: КӨРКЕМДІК-СТИЛЬДІК ІЗДЕНІСТЕР

Т. ҚАДЫЛ

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жарық көрген, жаңаша бағытта жазылған, тың форма мен өзіндік стильдік сипатқа ие төрт жазушының романдары талданады. Сонымен қатар, бұл туындылардың көркемдік-стильдік ерекшеліктері мен жазушылардың шығармашылық шеберлігі айқындалады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жарық көріп, әдебиеттанушылар мен сыншылар тарапынан жаңашыл бағыттағы роман ретінде бағаланған, әдеби қауымға кеңінен танылған шығармалардың ішінен Мұхтар Мағауинның «Жармақ», Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Дидар Амантайдың «Тоты құс түсті көбелек», «Гүлдер мен кітаптар», «Шайыр мен шайтан» романдары және Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара» романдары қарастырылады. Талдау кезінде бұл жаушылардың стильдік ізденістері, дара қолтаңбасы нақты мысалдармен атап көрсетіледі. Әрі аталған шығармалардың қазіргі қазақ романының даму үдерісіне қосқан үлесі айқындалады. Зерттеудің теориялық негізін нығайту мақсатында отандық және шетелдік әдебиеттанушы ғалымдардың іргелі ғылыми тұжырымдары мен концепциялары басшылыққа алынды. Атап айтқанда, көркем мәтінді талдаудың заманауи бағыттары, роман жанрының эволюциясы, авторлық стиль мен поэтикалық жүйе мәселелеріне қатысты теориялық пайымдаулар зерттеу жұмысының әдіснамалық арқауын құрайды. Бұл ғылыми ұстанымдар қарастырылып отырған шығармалардың көркемдік табиғатын тереңірек тануға және оларды әдеби үдеріс контексінде бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында ғылыми мақалаларға тән саралау, жинақтау, жүйелеу және синтездік талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Саралау әдісі арқылы әрбір туындының мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері айқындалса, жинақтау мен жүйелеу тәсілдері негізінде ортақ белгілер мен дара сипаттар топтастырылды. Ал синтездік талдау зерттеу нысандарын тұтас қарастырып, олардың өзара байланысы мен әдеби даму үдерісіндегі орнын анықтауға мүмкіндік берді.

Сведения · Details