Central Asian Research Index

Yassawi Journal of Philology, 2026, т. 2, № 2, с. 158-171

ДЕТЕКТИВ ӘҢГІМЕЛЕР: ОҚИҒАЛАР МЕН КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

Г.Ж. ОРДА

Аннотация · Abstract

Мақалада Т. Берікқызының «Шебердің шындығы», Е. Бейсеновтің «Ағайындылардың ажалы», Ә. Байболдың «Миллион», Қ. Шамахайұлының «Екеудің салған ойраны», Ж. Қалибекқызының «Ойыншық» жұмыртқа», Г. Нұрханованың «Жалғыздың кегі», А. Жусанбайдың «Қанды сурет», Қ. Ғұмаровтың «Түнде жортқан қасқырлар» әңгімелерін қарастыру арқылы қазіргі қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дамуы қарастырылды. Оқырман қызыға оқитын жанр әлем әдебиетінен үлкен орын алса, қазақ қаламгерлері де аталған жанрды дамытуда қоғам өміріндегі түрлі қылмыстарды әдебиетке алып келуде. Жазушылардың детектив шығармаларға тән «оқырманмен ойнау», «оқырманды алдау», «саспенс», «жүйкемен ойнау», «жалған іздер», «оқырманды адастыру» әдістерін қалай пайдаланғандығы нақты шығармалар негізінде талданды. Жанр табиғатына сай бұл шығармаларға да түрлі жағдайда жасалған құпия қылмыстар арқау болса, сол қылмысты ашудағы шытырман оқиғалар оқырманын баурап отыратындығына назар аударылды. Оқиғалар жүйесіне салыстырмалы-типологиялық, құрылымдық және әдеби-теориялық талдау жасауда детектив әңгімелерде оқиғалардың бірізді дамитыны оқиғаның құпия қылмыспен басталуы, оқиғалардың кезең-кезеңімен дамуы, тартыстың шиеленісуі, кейіпкерлер арасындағы тартыс, шарықтау шегі және мәселенің шешілуімен сараланды. Кейіпкерлер жүйесіне талдау жасауда тергеуші, қылмыскер тәрізді бас кейіпкерлер мен жанама кейіпкерлердің монологтары, сөйлеген сөздері, әс-әркеттері мен қимылдары, өмірлік ұстанымдары негізге алынды. Құпия қылмысты ашудағы көркем детальдардың маңызы айқындалып, олардың сюжеттік-композициялық тұтастықты қалыптастырудағы рөлі көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ детективтік әңгімелерінде қоғамдағы әлеуметтік мәселелер мен қылмыстық құбылыстардың көркем бейнеленетіні, сондай-ақ мұндай шығармалардың оқырманды адамгершілік құндылықтар туралы ойландыруға ықпал ететіні анықталды.

Сведения · Details