Yassawi Journal of Philology, 2026, т. 3, № 3, с. 102-116
Инклюзивті ортада қазақ тілін этномәдени мазмұнмен Оқытудың тілтанымдық негіздері
Аннотация · Abstract
Мақалада инклюзивті ортада қазақ тілін этномәдени мазмұн арқылы оқытудың тілтанымдық негіздері талданады. Зерттеудің өзектілігі әртүрлі қабылдау ерекшеліктері бар білім алушыларға тілдік норманы, сөз мағынасының қабаттылығын және ұлттық мәдени кодты бірлікте меңгертетін мазмұндық тетіктерді нақтылау қажеттігімен айқындалады. Зерттеу жұмысының мақсаты - халықтық білімдерге сүйенген этномәдени тақырыптар негізінде оқытудың тілтанымдық моделін негіздеу. Осы мақсатқа сай этномәдени бірліктер мағыналық өріс ретінде жүйеленіп, атаудың уәжі мен мәдени семантикасы, мәтін тұтастығы мен прагматикалық реңкі оқу әрекетіне айналдырылады, сондай-ақ инклюзивті сыныпқа лайық қатысымдық мақсаттар айқындалады. Зерттеу жұмысы теориялық тұрғыдан этнолингвистика, лингвомәдениеттану, мәтінтану мен лингвопрагматика қағидаттарына сүйенеді. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы ұсынған пайдалы білімді әрекет арқылы меңгерту ұстанымына назар аударылды. Талдау барысында сипаттамалаы, лексика-семантикалық, контекстік және салыстырмалы әдістер қолданылып, оқу мазмұны модельденді. Эмипирикалық дереккөз ретінде жылқыға байланысты атаулар мен салт-дәстүрлер, антропонимдер, қымыз түрлері әрі оның технологиялық атаулары, қамшыға қатысты тұрақты тіркестер, киелі сандарға қатысты мақал-мәтелдер пайдаланылды. Осы материал негізінде лексикалық, мәтіндік, прагматикалық және мәдени-тілдік құзыреттерді бір мезгілде дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі құрастырылды. Сонымен бірге орфоэпиялық, орфографиялық норманы сақтаудың мағына мен мәдени реңкті дұрыс жеткізудегі мәні нақты мәтіндер арқылы көрсетілді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы этномәдени мазмұнды инклюзивті оқыту контексінде тілтанымдық тұрғыдан негіздеп, «мағына-уәж-қатысым» байланысын модель түрінде ұсынуымен айқындалса, практикалық құндылығы инклюзивті сыныпқа бейімделген тапсырмалар үлгісін, тірек сөз бен шағын мәтінге негізделген жұмыс тәсілдерін және мәдени-тақырыптық оқу материалының құрылымын ұсынуымен көрінеді. Қорытындыларды инклюзивті сыныптағы қазақ тілі сабақтарында, оқу-әдістемелік құрал әзірлеуде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында және мәдени-тақырыптық мәтіндер корпусын құрастыруда қолдануға болады.
Сведения · Details
- DOI 10.47526/3107-3085.267
- Журнал · Journal Yassawi Journal of Philology
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0
- Лицензия · License creativecommons.org/licenses/by/4.0