Central AsianResearch Index

ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАР ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТӘЖІРБИЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК СИПАТТАМАСЫ

Бұл мақала Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әскери тұтқындар тақырыбын оқытуда цифрлық ресурстарды тиімді интеграциялаудың педагогикалық әдістерін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі – қазіргі білім беру кеңістігіндегі ақпараттық-технологиялық құзыреттілікке деген жоғары талаптармен және осы күрделі тарихи тақырыптың терең гуманистік маңыздылығымен негізделеді. Сонымен қатар, болашақ тарихшылардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері, соның ішінде білім алушылардың цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың жоспары, мақсаты мен міндеттері жан-жақты талқыланды. Зерттеу барысында теориялық талдаумен қатар, студенттердің қатысуымен тәжірибелікэксперименттік жұмыс жүргізіліп, Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери тұтқындар тақырыбын оқытуда студенттердің цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану тәсілдері зерттелді. Оның мақсаты – цифрлық құралдарды қолдану негізінде жасалған әдістемелік модельдің тиімділігін тексеру. Эксперимент нәтижелері студенттердің цифрлық оқу құралдарын қолдануға даярлық деңгейінің (ұйымдастырушылық-әдістемелік, жеке және танымдық компоненттер бойынша) елеулі түрде өскенін көрсетті. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде жаңа оқыту әдістемесі ұсынылды. Ұсынылған әдістемелік модель цифрлық ресурстарды қолдану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретіні дәлелденді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 139, С. 252-267
Язык
Казахский
ISSN
3107-3115 · 3107-3123
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University