ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Бұл мақалада ХХІ ғасыр қазақ әдебиетіндегі экология тақырыбының көрінісі мен оны мектепте оқытудың маңыздылығы жан-жақты қарастырылады. Қазіргі таңда жаһандық жылыну, табиғи ресурстардың сарқылуы, экологиялық апаттар сияқты мәселелер адамзат баласының алдында тұрған ең өзекті проблемалар қатарына жатады. Бұл мәселелерді шешуде жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Әдебиет – тұлғаның рухани дамуына әсер ететін қуатты құрал. Сондықтан қазіргі қазақ әдебиетіндегі экологиялық мазмұндағы шығармаларды мектеп бағдарламасына енгізу арқылы оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін арттыру мүмкіндігі жоғары. Мақалада экология тақырыбын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар қазіргі қазақ ақын-жазушыларының қаламынан шыққан туынды кейіпкерлерінің табиғи апаттардан шеккен зардаптары арқау болған шығармалары мысалға алынды. Бұл зерттеу әдеби шығармаларды оқыту арқылы экологиялық сананы қалыптастырудың маңыздылығын айқындайды және оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге ықпал ететін әдістерді ұсынады. Сонымен қатар, мақалада экологиялық тақырыптағы әдеби шығармалардың мазмұндық ерекшеліктері мен олардың тәрбиелік мәні терең талданды. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, табиғатқа жанашырлықпен қарау сезімін қалыптастыруда әдебиеттің рөлі ерекше. Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер мен практикалық ұсыныстар экологиялық білім берудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 139, С. 239-251
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3115 · 3107-3123
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University