Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ VR ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР КОМПОНЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТЕРБЕЛМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ МЫСАЛЫНДА ЗЕРТТЕУ

Бұл мақалада болашақ физика мұғалімдерінің виртуалды шындық (VR) технологияларын қолдану құзыреттілігін дамытуға бағытталған компонеттерді анықтау және олардың тиімділігін тербелмелі қозғалыстарды модельдеу мысалында зерттеу мәселелері қарастырылған. Физика – тәжірибелерді талап ететін ғылым болғандықтан, виртуалды шындық (VR) технологиясы физикалық процестерді көрнекі түрде түсінуге және оларды тиімді түрде модельдеуге жағдай жасайды. Сондықтан зерттеу барысында теориялық және эксперименттік әдістер физиканың жиі кездесетін және түсінуі қиын тақырыптарының бірі ретінде, тербелмелі қозғалыс мысалында жүргізілді. Сонымен қатар, модельдеу әдісі арқылы тербелмелі қозғалыстардың VR құралдар арқылы интерактивті визуализация жасалынды. Болашақ физика мұғалімдерінің VR құзыреттіліктерін бағалау сауалнама әдісі арқылы жүзеге асты. Алынған деректерден математикалық-статистикалық талдау әдісі арқылы қорытынды шығарылды. Зерттеу нәтижелері болашақ физика мұғалімдерінің VR құзыреттіліктерін қалыптастыруда тербелмелі қозғалыстарды модельдеу әдісінің тиімділігін көрсетті. VR технологияларын қолдану оқыту процесінің интерактивтілігін арттырып, білім алушылардың құбылыстарды терең түсінуіне, зерттеу қабілеттерін дамытуына және сабаққа деген ынтасын жоғарылатуға ықпал етті. Зерттеу нәтижелерін білім беру мекемелерінің барлық кезеңдерінде қолдану тиімді болып табылады және болашақ зерттеулерге негіз ретінде қолдану ұсынылады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 139, С. 228-238
Язык
Казахский
ISSN
3107-3115 · 3107-3123
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University