Central AsianResearch Index

АУЛА КЛУБТАРЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ: СҰРАНЫСТАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ

Қоғамның цифрландыру мен онлайн-коммуникация басымдыққа ие болып отырған қазіргі күнгі жағдайында заманауи балалар әлеуметтену мен тәрбиеде жаңа қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Гаджеттер мен виртуалды әлемге деген тәуелділіктің артуы өскелең ұрпақтың эмпатиясының, эмоционалдық интеллектісінің және құндылықты бағдарларының қалыптасуына кері әсерін тигізуде. Бұл зерттеу балалардың әлеуметтену үрдісі мен тәрбиесінде маңызды фактор ретіндегі аула клубтарының жетікші рөлін анықтауға бағытталған. Жұмыстың әдіснамалық негізі – бала тұлғасының дамуына қоршаған ортасының ықпалын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін орта тәсілі. Зерттеу аясында ғылыми әдебиеттерге, балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің жұмысын реттейтін нормативтіқұқықтық базаға кешенді талдау жасалды. Мұнан басқа, ата-аналардың және балалардың арасында олардың бос уақыттарын ұйымдастыру және онда кездесетін кедергілерге қатысты пікірлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Алынған нәтижелер толыққанды және қызықты тынығуды ұйымдастыру үшін респонденттердің екі тобының пікірі бойынша да басты кедергілердің бірі – тұрғылықты жері бойынша мәдени-тынығу мекемелерінің жетіспейтіндігі екендігін көрсетті. Сонымен бірге балалардың әсіресе, спорттық секциялар мен шығармашылық әрекеттерді ұйымдастыру бағытындағы аула клубтарының жұмысына деген жоғары қызығушылықтары бар екендігі анықталды. Мәліметтерді талдау негізінде аула клубтарының жағымды тәрбие ортасын қалыптастыру үшін маңызды, бірақ толыққанды бағаланбаған әлеуетке ие екендігі жайлы қорытынды жасауға болады. Олар әлеуметтік маңызды сапаларды дамытуда, сандық платформалардың кері ықпалына нәтижелі қарсы тұруда және балалар мен жасөспірімдердің тікелей микросоциумында толыққанды, өнімді бос уақыттарын ұйымдастыруда маңызды платформа бола алады. Мақала отбасын нығайту және жергілікті қауымдастықтарды дамытуды жүйелі мемлекеттік және қоғамдық қолдаудың қажеттілігін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 139, С. 202-213
Язык
Казахский
ISSN
3107-3115 · 3107-3123
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University