Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

А. ШАРИПОВА, М. АМАНБАЕВА

Бұл мақалада педагогтардың жаңа буынын даярлау қажеттілігін ескере отырып, Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын бағыттарының бірі қарастырылған. Тұрақты даму қағидаттары негізінде педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуінің заманауи үлгілерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасауға басты назар аударылады. Мақалада биология мұғалімдерін даярлауға бағытталған тұрақты даму контексінде білім беруді интеграциялау идеялары мен жолдары ұсынылған. Тұрақты даму идеяларын ескере отырып, болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетке дайындайтын әдістемелік жүйеге басты назар аударылады. Бұл жүйенің маңызды аспектісі - белсенді практикалық тәжірибені этикалық түсіну және рефлексиямен біріктіру, ол кәсіби білімнің мұғалімнің кәсіби және күнделікті өміріндегі құндылықтарымен интеграциялануына ықпал етеді. Мақалада биологияны оқыту арқылы қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырудың негізгі аспектілері қарастырылған. Модель оқытудың заманауи әдістеріне негізделген, соның ішінде проблемалық оқытуды, жобалық ісәрекеттер мен интерактивті әдістерді, теориялық және практикалық аспектілерді қамтиды. Табиғатпен қарым-қатынасқа, экологиялық ойлауды және қоршаған ортаға жауапкершілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Зерттеу жұмысымыздың ғылыми және практикалық маңыздылығы болашақ биолог маман тәрбиелеу жолында экологиялық саналы қоғам құра алатындығымызда. Мақалада биология саласында білім алушыларға тұрақты даму принциптерін интеграциялағанда қолдануға болады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 139, С. 192-201
Язык
Казахский
ISSN
3107-3115 · 3107-3123
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University