Central AsianResearch Index

БИОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДА ЗООЛОГИЯ ПӘНІНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ

Қазіргі білім беру парадигмасында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) оқу пәндеріне біріктіру үрдісі кең етек алуда, өйткені бұл студенттердің кешенді экологиялық дүниетанымын қалыптастыру және ғаламдық экологиялық мәселелерді шешу қабілетін дамыту қажеттілігімен байланысты. Зоология – биология ғылымының негізгі салаларының бірі ретінде тұрақты даму қағидаттарын енгізуді қажет ететін пән, өйткені ол биоәртүрлілік, экожүйелердің қызметі және табиғи процестер мен адам қызметінің өзара байланысын түсінуді қамтамасыз етеді. Бұл зерттеу биология студенттерін даярлау барысында зоология курсына ТДМ интеграциялаудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу және олардың тиімділігін бағалауға бағытталған. Зерттеуде проблемалық-бағдарланған оқыту (PBL), жобалық оқыту (PjBL), кейсәдісі, цифрлық технологиялар және далалық зерттеулер сияқты инновациялық педагогикалық әдістер қолданылды. Эксперименттік зерттеу жоғары оқу орнының 2-3 курс студенттері (150 студент) арасында жүргізіліп, олар бақылау (75 студент) және эксперименттік (75 студент) топтарға бөлінді. Зерттеу нәтижелері зоология курсына ТДМ интеграциясы студенттердің экологиялық мәселелер туралы хабардарлығын едәуір арттыратынын, олардың аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамытатынын, сондай-ақ табиғатты қорғау саласында практикалық құзыреттілікті қалыптастыратынын көрсетті. Эксперименттік топта оқуға деген мотивацияның, экологиялық ойлау қабілетінің, пәнаралық талдау жасауға дайындығының және зоология мен экология арасындағы байланыстарды түсіну деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы байқалды. Стюденттің t-критерийі мен корреляциялық талдауды қамтитын статистикалық талдау бақылау және эксперименттік топтар арасындағы айырмашылықтардың маңыздылығын растады. ТДМ интеграциясына бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолдану дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда жоғары тиімділік көрсеткенін дәлелдеді. Бұл нәтижелер биологиялық ғылымдар саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және оларды табиғатты қорғау саласындағы тұрақты құзыреттіліктерге даярлауға ықпал етеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 139, С. 180-191
Язык
Казахский
ISSN
3107-3115 · 3107-3123
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University