АДАПТИВТІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ МЕН ФИЗИКА МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Мақалада адаптивті оқыту құралдарын физика пәнінің мазмұнына кіріктіру және оларды іріктеу критерийлерін айқындау мәселелері қарастырылды. Адаптивті оқыту – білім алушының жеке ерекшеліктеріне, оқу стиліне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне қарай оқыту процесін бейімдеуге бағытталған заманауи педагогикалық тәсіл. Аталған технология оқу үдерісін дербестендіруге, білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға және білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Мақалада адаптивті оқыту жүйесінің негізгі компоненттері (оқу контенті, кері байланыс механизмі, алгоритмдер мен деректерді өңдеу, прогресті бақылау жүйесі) сипатталып, олардың білім беру үдерісіндегі орны мен маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар жасанды интеллект, үлкен деректер, мобильді оқыту және геймификация сияқты қазіргі заманғы трендтердің адаптивті оқыту жүйесінің негізгі бағыттары баяндалды. Физикадан адаптивті оқыту құралдарын қолданудың өзектілігі бірнеше факторлармен дәлелденді: білім алушылардың үлгерім деңгейінің әркелкілігі, пән мазмұнының күрделілігі, теория мен практиканы үйлестіру қажеттілігі, сондай-ақ цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану. Адаптивті оқыту құралдары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дербес және жауапты білім алуға ықпал етеді. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстыру, модельдеу, жалпылау, бақылау және оқу тәжірибесін зерттеу әдістері қолданылды. Адаптивті оқыту құралдары ретінде оқу және дидактикалық материалдар, мультимедиялық ресурстар, бейнеүзінділер мен онлайн платформалар пайдаланылды. Адаптивті құралдарды бейімдеудің кезеңдері қарастырылды. Адаптивті оқыту құралдарын белгілерге қарай жіктеулері анықталды. Адаптивті оқыту құралдарының құрылымдық ерекшеліктері анықталды. Тіркеу әдістері негізінде Стьюдент критерийімен есептелінген эксперимент нәтижелері алынды. Зерттеу нәтижесінде оқыту үдерісіне адаптивті технологияларды кіріктіру физика пәнін меңгеруді едәуір жақсартатыны анықталды.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 139, С. 165-179
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3115 · 3107-3123
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University