БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАПӘНДІК БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙҚЫНДАУ
Мақалада бастауыш сынып білім алушыларының метапәндік білігін қалыптастыруда пәнаралық байланыстың педагогикалық әлеуеті ғылыми-теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – бастауыш білім беру деңгейінде пәнаралық байланыс негізінде метапәндік біліктерді қалыптастырудың маңыздылығын айқындау және оның оқу процесінде тиімділігін негіздеу. Зерттеу барысында «метапән», «метапәндік білік», «пәнаралық байланыс», «интеграция» ұғымдарының мазмұндық сипаттамасы нақтыланып, олардың өзара байланысы жүйеленді. Теориялық талдау метапәндік біліктің білімді түрлі жағдаяттарда қолдану, сыни және шығармашылық ойлау, рефлексия жасау, пәндер арасындағы логикалық байланыстарды орнату қабілеттерімен сипатталатынын көрсетті. Эмпирикалық бөлімде бастауыш сынып білім алушылары арасында жүргізілген авторлық сауалнама нәтижелері ұсынылды. Зерттеу деректері пәнаралық байланысқа негізделген оқу тапсырмалары білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, оқу мотивациясын күшейтетінін және білімді кешенді меңгеруге ықпал ететінін айқындады. Зерттеу нәтижелері бастауыш білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында пәнаралық байланысты тек дидактикалық тәсіл ретінде емес, білім беру процесін ұйымдастырудың әдіснамалық қағидаты деңгейінде қарастыру қажеттігін негіздейді. Бұл өз кезегінде оқу бағдарламаларын құрастыруда интеграциялық ұстанымды басшылыққа алуды, оқу тапсырмаларын метапәндік нәтижелерге бағыттап жобалауды, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби даярлығында пәнаралық жобалау мен рефлексивтік талдау дағдыларын дамытуға басымдық берудің қажеттілігін көрсетті.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 139, С. 151-164
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3115 · 3107-3123
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University