ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Бұл мақалада оқушылардың икемді дағдыларын (soft skills) дамытуды инклюзивті оқыту негізінде дамытудың педагогикалық шарттары айқындалған. Икемді дағдылардың негізін оқушының қоғамға әлеуметтік бейімделуі, коммуникативтік қабілеті, сыни ойлауы мен креативтілігі, ынтымақтастықта білім алуына әсер ететін қабілеттер құрайды. Аталған дағдыларды инклюзивті білім беру үдерісінде дамыту оқушылардың тұлғалық даму ерекшеліктерін ескеріп, олардың басқалармен тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген оқыту әдістемелерін қажет етеді. Зерттеу аясында инклюзивті білім беруді дамытуға бағдарланған халықаралық ұйымдарда (Саламанка декларациясы, «Инклюзия жолы» стратегиясы, «Инклюзивті қоғамдарға арналған білім беру» жобасы) қабылданған құжаттар, шетелдерде іске асырылатын модельдер (Individualized Education Program (IEP), Three-Tier Support System, Individual educational plan (IEP), Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту кезеңдері туралы ақпарат мазмұндалған. Елімізде мүгедектікті қорғау бойынша атқарылатын іс-шараларының негізгі бағыттары айқындалған. Инклюзивті білім алатын оқушылар негізгі топтары мен олардың денсаулық ерекшеліктері қарастырылған. Халықаралық және отандық ғылымда инклюзивті білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу, оларда икемді дағдыларды (soft skills) дамыту бойынша ғалымдардың еңбектері талданған. Зерттеушілердің инклюзивті білім берудің шарттары (психологиялық-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, педагогикалық) туралы еңбектері зерделенген. Зерттеу аясында авторлық көзқарас тұрғысынан инклюзивті білім беруде икемді дағдыларды дамытудың педагогикалық шарттары анықталған.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 139, С. 5-16
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3115 · 3107-3123
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University