Central AsianResearch Index

Қазақ әдебиеттануындағы эссе жанрының теориялық бағдары және экосын

Мақалада әдебиеттанудағы эссе жанры жан-жақты қарастырылады. Эссе – публицистика, көркем әдебиет салаларының тоғысында анықталатын гибрид жанр. Көркем әдебиеттегі өзге жанрлардан эссе композициялық еркіндігімен, авторлық интерпретацияның мол кездесуімен ерекшеленеді. Зерттеудің мақсаты – табиғат пен адам, экология тақырыптарындағы эсселерді талдау. Аталған мақсатқа жету үшін эссенің жанр ретінде анықталуы, белгілері теориялық аспектіде сараланып, авторлық интерпретация әдеби, көркемдік, эстетикалық сипаттарымен қарастырылды. Зерттеу барысында әлем әдебиетінде эссенің жанр ретінде қалыптасуы, дамуы жайлы теориялық зерттеулер талдана келе, гибрид жанр екені анықталды. Бүгінгі қазақ әдебиетінің тенденциясында, прагматикалық сатыда қарыштап дамып келе жатқан саланың бірі – эссе жанры. Осыған сәйкес зерттеуімізде табиғат пен адам, экология мәселелерін көтерген эсселер қарастырылып, ондағы авторлық позиция коммуникативтік стратегия аясында анықталды. Нәтижесінде қазақ әдебиетінде экология тақырыбын қамтитын эссе авторлық интерпретацияға сәйкес жүзеге асып, қоғамдық мәселенің назардан тыс қалмайтынын көрсетеді. Зерттеудің құндылығы – қазақ әдебиеттануындағы эссе жанрының қоғамдағы өзекті мәселелермен байланыста анықталуы болып отыр. Мәдени құбылыс ретінде эссе жанры экологиялық тақырыптарды экосын аспектісінде талдап, авторлық пайымдаудың нәтижесі ретінде танылады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 1, С. 188-199
Язык
Казахский
ISSN
3107-3077 · 3107-3085
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University