Central AsianResearch Index

Жұмабай Әбіл зерттеулеріндегі диалог комедия концепциясы: теориялық талдау

Комедия – әдеби жанрлар жүйесінде кеңінен зерттелген және жан-жақты теориялық негізделген сала. Әлемдік әдебиеттану тәжірибесінде бұл бағыт кең қанат жайса, қазақ әдебиетінде де комедия жанрына қатысты бірнеше ауқымды зерттеулер жүргізілген. Бұл мақалада қазақ комедиясына қатысты ғылыми тұжырымдар жүйеленіп, Жұмабай Әбілдің «диалог комедия» концепциясының теориялық мазмұны талданады. Комедияның фольклорлық бастауын, жанрлық табиғатын, ритуалдық және сахналық негіздерін зерттеген ғалымның тұжырымдары салыстырмалы түрде қарастырылып, концепцияның әдебиеттану мен фольклортану ғылымындағы орны айқындалады. Автор ұсынған тіркеспелі тәртіп, диалогтық жарыспалылық, монокомедия, бет-қимыл комедия, дәнекер орындаушы сияқты терминдердің ғылыми мәні көрсетіледі. Мақала Ж. Әбілдің концепциясы бір еңбектің көлемінде емес, кешенді ғылыми-теориялық мәселе екенін дәлелдейді. Диалог комедияның құрылымдық-композициялық табиғаты, жанрлық жүйесі, терминдер жүйесі, фольклорлық бастауы мен тарихи-теориялық эволюциясы қарастырылады. Комедияның тек драмалық жанр емес, оның арғы бастауы ритуалдық, магиялық, синкреттік әрекеттерден бастау алатынын дәлелдеген ғалым еңбегіне талдау жасалынып, жанрдың көпқабатты құрылымы теориялық жағынан зерттеледі.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 1, С. 166-178
Язык
Казахский
ISSN
3107-3077 · 3107-3085
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University