Central AsianResearch Index

Қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Бұл мақалада туыстығы алшақ қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктері қарастырылады. Мақал-мәтелдер – халықтың дүниетанымы, рухани құндылықтары, тарихи тәжірибесі, мәдениеті мен әлеуметтік нормаларының көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, мақал-мәтелдер тек тілдік бірліктер ғана емес, белгілі бір этностың болмысын, мінез-құлқын, ойлау жүйесін бейнелейтін күрделі лингвомәдени құбылыс болады. Атап айтқанда, көшпенділік дәстүрлерге негізделген қазақ мәдениеті, ғасырлық тарихы бар ағылшын мәдениеті және Конфуций философиясына негізделген қытай мәдениетіндегі мақал-мәтелдер лингвомәдени және салыстырмалы талдау әдістері негізінде талданады. Осы арқылы әрбір халықтың мақал-мәтелдеріндегі мәдени құндылықтар мен дүниетаным қалай бейнелейтіні анықталады. Сонымен қатар, мақалада қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде белгілі тақырыптар (отбасы құндылығына байланысты мақал-мәтелдер, білім тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер, шыдамдылыққа байланысты мақал-мәтелдер, еңбек тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер) таңдалып, тақырыптарға тән мәдени айшықты лексика бірліктері айқындалып, мақал-мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктері ғалымдардың талдаулары негізінде құрастырылған үлгіге сүйене отырып, салыстырылды. Мақал-мәтел және лингвомәдениет ұғымдары теориялық тұрғыда нақтыланды. Мақаланың ғылыми мақсаты ретінде қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктерін айқындап, салыстырып, талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау алынды. Мақала соңында болашақ зерттеулерге ұсыныстар берілді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 1, С. 153-165
Язык
Казахский
ISSN
3107-3077 · 3107-3085
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University