Авиация терминологиясының жіктелімі және олардың ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі практикалық қолданысы
Мақала ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі авиация саласы терминологиясының ерекшеліктерін талдауға арналып, Қазақстан сияқты көптілді мемлекетте тілдік кедергілер мен терминологиялық сәйкессіздіктердің себептері мен салдары анықталып, қазақ тіліндегі авиация терминдерін қалыптастырудағы қиындықтар, калька тәсілінің басымдығы, сондай-ақ олардың ресми және бейресми кәсіби қарым-қатынаста қолданылу жай-күйі айқындалды. Зерттеу барысында авиация саласында қолданылатын техникалық, навигациялық, операциялық, әкімшілік және нормативтік терминдердің, қысқартулар мен кодтардың үш тілдегі баламалары салғастырылып, оларды аударудағы қиындықтар (полисемиялылық, мәнмәтін, қысқартулар, аударылмайтын терминдер) көрсетілді. Мақалада авиация саласындағы кәсіби тілдік қатынасты, терминологиялық жүйені, көптілділік жағдайындағы қарым-қатынас үдерісін зерделеу үшін контент-талдау, салғастырмалы лингвистикалық талдау, психолингвистикалық интерпретация әдістері қолданылып, Қазақстандағы авиация саласы мамандарының терминологияны түсіну және қолдану деңгейін анықтау үшін кейс-эксперимент, терминологиялық білімдерін бағалауға мүмкіндік беретін сауалнама жүргізілді. Зерттеу барысында авиация саласы терминологиясын дамыту бойынша төмендегідей іс-шараларды қолға алу ұсынылды: интерактивті «тренажерлар», сценарийлік бейнематериалдар және мобильді жаттығу қосымшаларын әзірлеу, оларды авиация саласы мамандарына терминологиялық білім беруде үнемі қолдану; үштілді глоссарий және қазақша кәсіби оқу құралдарын дайындау, тұрақты тілдік тренингтер өткізу.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 1, С. 137-152
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3077 · 3107-3085
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University