Central AsianResearch Index

Қазақ тіліндегі туристік жарнама мәтіндеріндегі бағалауыш бірліктердің лингвомәдени семантикасы

Қазақ тіліндегі туристік жарнама мәтіндеріндегі бағалауыш бірліктердің лингвомәдени семантикасына арналған бұл мақалада туристік жарнама дискурсында жиі кездесетін бағалауыш лексиканың ұлттық-мәдени мәні және ықпал етуге бағытталған қызметі талданады. Зерттеу нысаны ретінде туристік бағыт пен өнімнің тартымдылығын күшейтетін позитив бағалау құралдары алынды: эпитеттік қолданыстар, күшейткіштер мен суперлативтік формалар, эмоциялық-экспрессивтік бірліктер, метафоралық бағалау үлгілері, сондай-ақ этномәдени реалия атауларымен қабаттасқан бағалауыш тіркестер. Зерттеудің мақсаты – қазақтілді туристік жарнама мәтіндерінде бағалауыш бірліктер арқылы қандай мәдени кодтар бейнеленетінін (қонақжайлық, кеңістік моделдері, табиғаттың қасиеттенуі, дәстүр мен тарихи жады, ұлттық ас-мәдениет, этносимволика) анықтап, олардың адресатқа әсер ету стратегияларындағы орнын сипаттау. Зерттеу барысында лингвомәдени талдау, дискурстық және прагматикалық талдау, семантикалық-компоненттік сараптау, контекстік интерпретация әдістері кешенді түрде қолданылды. Талдау нәтижелері туристік жарнамадағы бағалауыш бірліктердің міндеті тек эмоция тудырумен шектелмейтінін көрсетті: олар мәтін ішінде ұлттық бірегейлікті айқындайтын мәдени құндылықтарды «кодтап», дестинацияның мәдени бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бағалауыш лексика табиғи ландшафтты (дала, тау, көл) эстетикалық әрі аксиологиялық тұрғыда мәндендіріп, «қасиетті мекен», «түп-тамыр», «рухани тынығу» тәрізді концептуалдық модельдерді күшейтуге қызмет ететіні айқындалды. Зерттеудің теориялық маңызы туристік жарнама мәтіндерін лингвомәдени кеңістікте қарастыру арқылы бағалау семантикасы, дискурс теориясы және ұлттық код мәселелерінің тоғысындағы ұғымдарды нақтылатуымен байланысты. Бағалауыш бірліктердің мәдени маркерлермен байланысын ашу қазақ тіліндегі жарнама дискурсын жүйелі сипаттауға және мәдени мәннің мәтіндік репрезентациясын түсіндіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде қол жеткізілген тұжырымдар туристік бренд коммуникациясын жоспарлау, жарнама мәтіндерін мәдени жағынан бейімдеу үдерістеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы лингвомәдениеттану, медиалингвистика, дискурс талдау, қазақ тілінің стилистикасы пәндері бойынша оқу-әдістемелік материал әзірлеуге қолдануға жарамды. Қорытындылай келгенде, туристік жарнама дискурсын лингвомәдени қырынан зерделеу ұлттық брендті қалыптастыру мен мәдени коммуникация механизмдерін түсіндіру үшін маңызды бағыт болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 1, С. 107-120
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
3107-3077 · 3107-3085
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University