Central AsianResearch Index

Қазақ және түрік тілдеріндегі колоративті лексика

Түркі лексикасында ақ, қара, сары, көк, қызыл сияқты түстер тұрақты және кеңінен қолданылатын атаулар болып саналады. Тілдік объект тұрғысынан түр-түстің негізгі астары мен бояу ерекшеліктері ортақ бір ұғымдық өріске тоғысатыны анық. Түр-түстік атаулар – ұлттық діл мен таным-түсініктің айнасы, сондай-ақ тілдік қазынаның мазмұндық деңгейін айқындайтын басты көрсеткіш. Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі колоративтердің мағыналық ерекшеліктері мен олардың қалыптасуына әсер еткен мәдени факторлар сараланады. Теориялық бөлімде түс атауларының ұғымдық мазмұнына түсініктеме беріліп, колоративтердің халықтық танымдағы этнолингвистикалық сипаты мен мәдени кодтары қарастырылады. Қазақ және түрік тілдеріндегі колоративті лексикаға жататын түр-түстердің қолданыстағы ерекшеліктері мен ұқсастықтары талданады. Қазіргі түркі елдерінің тарихи топонимика атауларына қатысты түр-түстің ұқсастықтары мен ерекшеліктері айқындалады. Сонымен қатар, мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі ақ және қара ахроматикалық лексемалары да қамтылады. Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі түр-түс пен реңк зерттеулерінен басқа да түркі тілді деректерге шолу жасалады. Нәтижесінде, бұл зерттеу қазақ және түрік халықтарының мәдени-эстетикалық құндылықтарын саралап, табиғат пен болмысты қабылдау үдерісіндегі этнолингвистикалық өзгешеліктерді айқындауға септігін тигізеді. Жұмыстың әдістемелік негізін лексикалық талдау, деректерді топтастыру және қазақ пен түрік тілдеріндегі колоративтерді салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан зерттеу тәсілдері құрайды.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 1, № 1, С. 94-106
Язык
Казахский
ISSN
3107-3077 · 3107-3085
Издатель
Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University