Қазақ және түрік тілдерінің салыстырмалы грамматикасы: ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Мақала қазақ және түрік тілдерінің грамматикасын кешенді түрде салыстыруға арналған. Зерттеу барысында қазақ және түрік тілдерінің фонетикалық, грамматикалық және синтаксистік айырмашылықтары мен ұқсастықтары жүйелі сипатталып, нақты мысалдармен дәлелденген. Салыстырмалы зерттеу барысында анықталған екі тілдегі агглютинативті құрылымдар, сөйлемнің базалық тәртіптері және сөз тудыру мен сөз түрлендіру тәсілдері, септік категориялары қазақ және түрік тілдерінің тарихи туыстығын айқындайды. Сонымен бірге, түрік тілінде байқалатын араб-парсы қабатының әсері, тілдегі кей дыбыстардың өзгеруі, одан әрі аналитикалық құрылымдардың жиі қолданысы түрік және қазақ тілдерінің даму жолындағы басты ерекшеліктерді көрсетеді. Мақала авторлары түрік және қазақ тілдерінің тарихи негіздері мен қазіргі кездегі қолданысында кездесетін грамматикалық құбылыстарды салыстыра келе, салыстырмалы зерттеудің түркітану ғылымындағы маңызын ғылыми түрде дәлелдей білген. Зерттеу аясында қол жеткізген ғылыми нәтижелер тілдік жүйелердің ортақ заңдылықтарын айқындауға, қазақ-түрік тілдік қатынастарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аталмыш талдаулар білім беру жүйесінде, аударматануда және түркі тілдерінің құрылымын оқытуда пайдалануға болатын практикалық тұжырымдар ұсынады. Сонымен қатар, түрік және қазақ тілдерінің өзара әсерін, тарихи сабақтастығын және мәдени байланысын тереңірек зерттеп ашуға негіз бола алады. Бұл ғылыми нәтижелер түркі әлеміндегі тілдік үрдістерді терең түсінуге көмектесе отырып, ғылыми жұмыстың құндылығын арттырады және дамуға жаңа бағыт берері сөзсіз.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 1, С. 63-74
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3077 · 3107-3085
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University