«АЛҒЫС» ПЕН «ҚАРҒЫС» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
Қазіргі тіл біліміндегі пәнаралық интеграция үрдісі тілдік құбылыстарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Мақала – тіл мен синергетиканың өзара байланысын негізге алатын лингвосинергетика бағыты аясында «алғыс» пен «қарғыс» концептілерінің ерекшеліктерін айқындауға арналған. Мақаланың өзектілігі – екі қарамақарсы ұғымды дәстүрлі оппозициялық талдаудан бөлек, өзара әрекеттесетін, бір тұтас динамикалық жүйенің элементтері ретінде қарастыруында. Осы тұрғыдан алғанда синергетикалық әсер мен эмердженттік қасиеттер мақаланың негізгі зерттеу нысаны болып табылады.Мақалада концептілердің этимологиялық, діни-мәдени аспектілеріне талдау жасалып, олардың синергетикалық эффектілері мен тұрақты тіркестердегі эмердженттік қасиеттері анықталады. Зерттеу барысында құрылымдық-семантикалық, дискурстық, синергетикалық және салыстырмалы-салғастырмалы талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалы ретінде қазақ тіліндегі ауызекі және жазбаша дереккөздер: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркем шығармалардан алынған мысалдар пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде бұл концептілердің қоғамдағы әлеуметтік-прагматикалық рөлі тереңірек түсіндіріледі. Бұл жұмыс тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық және жеке тұлғалық деңгейде жағымды және жағымсыз өзгерістерді тудыратын күрделі жүйе екенін де қарастырады. Зерттеу жұмысының нәтижелері «алғыс» пен «қарғыс» концептілерінің лингвокогнитивтік репрезентациясын терең түсінуге және алдағы тіл біліміндегі синергетикалық зерттеулерге жаңа көзқарас ұсынуға септігін тигізеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 1, № 1, С. 5-14
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3107-3077 · 3107-3085
- Издатель
- Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University