Мәдени мұра, 2025, с. 48-70
THE MAP OF AL-IDRISI (XII CENTURY) AND THE ISSUE OF ITS INTERPRETATION
ӘЛ-ИДРИСИ (ХІІ Ғ.) КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘПСІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
Аннотация · Abstract
Мақала XII ғасырдың көрнекті араб ғалымы, географ әрі картографы Мұхаммед әл-Идрисидің «Нузхат әл-мұштақ фи-ихтирақ әл-афақ» және «Сурат әл-Ард» еңбектерін тарихи-географиялық және археолингвистикалық тұрғыдан кешенді талдауға арналған. Еуразия кеңістігін сипаттайтын бұл еңбектер ортағасыр дәуіріндегі географиялық танымның шыңы болып саналады және қазіргі Қазақстан аумағына тікелей қатысты құнды мәліметтер береді. Зерттеу мақсаты – әл-Идрисидің сипаттамаларындағы Түркістан, Исфиджаб, Тараз, Ертіс, Сарыарқа және Каспий өңірлеріне байланысты деректерді қазіргі географиялық атаулармен салыстырып, оғыз, қарлұқ, кимек және тоғызоғыз тайпаларының тарихи қоныстану аумағын анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи, деректанулық, картографиялық және археолингвистикалық әдістер кешені қолданылды. Нәтижесінде Асғарун, Марғар, Руза, Ғаған сияқты көне топонимдердің этимологиясы мен кеңістіктік локализациясы нақтыланып, Қазақстанның ортағасырлық тарихи географиясын реконструкциялаудың жаңа дерекнамалық және әдіснамалық негіздері жасалды. Автор әл-Идрисидің картасы мен мәтіндік сипаттамаларын талдай отырып, түркі тайпаларының этникалық шекаралары мен мәдени-өркениеттік өзара байланыстарын анықтайды. Мақалада сондай-ақ араб географиялық дәстүрі мен Птолемей картографиялық мектебінің ықпалы қарастырылып, әл-Идрисидің еңбегі сол дәуірдің кеңістік моделін қалыптастырған әмбебап дереккөз ретінде бағаланады. Әл-Идриси мұрасы Қазақстанның тарихи ономастикасы мен кеңістік жадын зерделеуде, ортағасырлық этникалық және мәдени ландшафты қалпына келтіруде айрықша ғылыми-танымдық маңызға ие.
Сведения · Details
- DOI 10.47500/2025.v24.i4.04
- Журнал · Journal Мәдени мұра
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0