Мәдени мұра, 2025, т. 110, № 3, с. 57-70
THE CIRCLE AS A FORM OF CULTURAL AND EDUCATIONAL ACTIVITIES OF THE MUSEUM
ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада музей педагогикасының қалыптасуының алғышарттары, оның анықтамасы мен түрлері сараланады. Сонымен қатар, музей педагогикасының теориясы мен практикасы негізінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы үйірмелерінің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік аспектілері талданады. Қазіргі уақытта музейдегі мәдени-ағартушылық және білім беру бағытындағы шаралардың қатысушыларын тұрақтан дыру мәселесі де өзекті болып табылады. Осы тұрғыда, мақалада музейдің тұрақты аудиториясын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Музей педагогикасы ғылыми пән ретінде музейдің оқыту қызметінің ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік санаттағы келушілермен жұмыс жасау әдістерін, музейдің білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылын зерттейді. Мұнда аудиторияның жас ерекшелігі, қызығушылықтары, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарай оқыту үдерісінде дәстүрлі және дәстүрлі емес форматтар қолданылады. Дәстүрлі формат түрлері: экскурсиялар, музейлік сабақтар, семинарлар, кездесулер, үйірмелер, клубтар болса, ал дәстүрлі емес формат түрлері: олимпиадалар, байқаулар, дебаттар, театрландырылған көріністер, әртүрлі мазмұндағы жекелеген мерекелік іс-шаралар. Музей заттарының сан алуанды-лығы, көркемдігі мен шынайылығы мұндағы білім беру мазмұнын басқа мекемелердегі қосымша білім беру мазмұнынан ерекшелеп тұрады. Сондай-ақ, музейдегі оқыту барысы еркін және бейресми форматта өтіп, мұнда қатысушылардың қызығушылығына басымдық беріледі. Мақаланы жазу барысында шетелдік зерттеушілердің музейтану бағытындағы жарияланымдары қолданылды. Зерттеуде музей-қорық үйірмелерін мақсат-міндеттерін іске асыру барысында жинақталған тәжірибені сипаттау үшін баяндау және талдау әдістері пайдаланылған. Бұл әдістер үйірмелер жұмысының мазмұнын ашуға, тақырыптық бағытын сипаттауға, жетекшілері мен қатысушылар құрамын айқындауға мүмкіндік берді.
Сведения · Details
- DOI 10.47500/2025.v23.i3.05
- Журнал · Journal Мәдени мұра
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0