Central Asian Research Index

Мәдени мұра, 2024, т. 18, № 2(105), с. 118-126

ОГУЗСКАЯ ТРАДИЦИЯ В ИСКУССТВЕ ЖЫРАУ СЫРДАРЬИ: THE OGUZ TRADITION IN THE ART OF ZHYRAU SYR DARYA

СЫР ӨҢІРІ ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРІНДЕГІ ОҒЫЗДЫҚ ДӘСТҮР

Ұ.М. Байбосынова

Аннотация · Abstract

Ғылыми мақалада Сыр өңірі жыршылық өнерінің оғыздық дәстүрінің көріністері талданады. Автор Оғыз кезеңіндегі тарихи деректер мен мәдени өзгерістерге шолу жасай отырып, аталмыш кезеңнің рухани мұрасының жалғастығын XIX ғасырдағы Сыр өңірі жыршы-жыраулық мектебінен іздейді. Тұтас алғанда көмеймен жыр айту дәстүрінің қайнар көзі ретінде X–XI ғасырлардағы Оғыз кезеңіндегі рухани құндылықтары қарастырылады. Мақаланың мақсаты: Сыр өңірі жыршы-жыраулық дәстүрінің бастауларын Оғыз кезеңімен сабақтастырып, оның таралу аймағының жалпы түркі халықтарының мәдениетінен іздеу, салыстырып талдау. Осы мақсатқа жету үшін автор Сыр өңірі жыршы-жыраулық дәстүріне және Оғыз дәуіріне жататын деректер мен материалдарға талдау жасап, түркі халықтарының ортақ материалдық емес мәдени мұрасы ретінде «Көроғлы» дастанын қарастырады. XIX ғасырда дамып жетілген Сыр сүлейлерінің шығармаларындағы оғыздық дәстүрдің көріністері мен байланыстары анықталады. Сонымен қатар автор жыршылық өнердің оғыздық дәстүрінің үлгісі болып табылатын «Көроғлы» сияқты дастандардың сақталуының алғышарттарына тоқталып, оғыздық кезеңнің рухани мұрасына жататын көптеген шығармалардың бізге белгісіз тұстарының бар екеніне пайымдар жасайды. Сыр өңірі жыршылық өнеріндегі оғыздық дәстүрдің көріністері анықталып, оның ғасырлар бойы қалыптасқан сабақтастығы түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы ретінде байланыстырады. В статье анализируются проявления огузской традициив искусстве жырау Сырдарьинского региона. Рассматривая историческиефакты и культурные изменения огузского периода, автор прослеживаетпродолжение духовного наследия этого периода в традициях жыршы-жырау XIX века. В качестве источника традиции горлового пения рассматриваются духовные ценности огузского периода X–XI веков. Цель статьи – сравнить и проанализировать зачатки традиции жыршы-жырау в Сырдарьинском регионе, связывая их с огузским периодом в культуре тюркских народов и его ареала. Для достижения этой цели автор анализирует факты и материалы, относящиеся к традициям жыршы-жырау и огузской эпохе Сырдарьинского региона, и рассмотривает сагу «Кероглы» как общее нематериальное культурное наследие тюркскихнародов. В результате выявляются проявления и связи огузской традиции в произведениях жырау Сырдарьи, развивавшиеся в XIX веке. При этом автор акцентирует внимание на предпосылках сохранения сохранениясаги «Кероглы», которая является образцом огузской традиции в искусствежырау, и делает гипотезу, что многие произведения, относящиеся к духовному наследию огузского периода, имеют неизвестные нам аспекты.В заключении статьи выявлено проявление огузской традиции в искусствежыршы Сырдарьи, а ее многовековая преемственность связывается с общим духовным наследием тюркских народов. The article analyzes the manifestations of the Oguz tradition of the art of Syr Darya zhyrau. Considering the historical facts and cultural changes of the Oguz period, the author traces the continuation of the spiritual heritage of this period in the Zhyrshy-Zhyrau school of the XIX century. In general, the spiritual values of the Oguz period of the X-XI centuries are consideredas the source of the tradition of throat singing. The purpose of the article is to compare and analyze the origins of the Zhyrshy–Zhyrau tradition in the Syr Darya region, linking them with the Oguz period in the culture of the Turkic peoples and its area.The author analyzes facts and materials related to the traditions of Zhyrshy-Zhyrau and the Oguz era of the Syr Darya region and considers the “Korogly” saga as a common intangible cultural heritage of the Turkic peoples. As a result, the manifestations and connections of the Oguz tradition in the works of the Syr Darya zhyrau, which developed in the XIX century, are revealed. In addition, the author refers to the prerequisites for the preservation of sagas such as “Korogly”, which are an example of the Oguz tradition of Zhyrau art, and pretends that many works related to the spiritual heritage of the Oguz period have aspects unknown to us. In conclusion, the article reveals the manifestations of the Oguz tradition in the art of Syr Darya zhyrshy, and connects its centuries-old continuity with the common spiritual heritage of the Turkic peoples.

Сведения · Details