1941–1945 ЖЫЛДАРЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕ ШЫҚҚАН ГАЗЕТТЕР МЕН ЖУРНАЛДАР ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР
Мақалада 1941–1945 жылдарда өткен Ұлы Отан соғысы тарихының бір ғана бөлшегі – майдандағы қазақ тілінде жарық көрген газеттер туралы. Яғни, сол сұрапыл соғыстағы қазақ жауынгерлерінің, қазақстандық халықтардың ержүрек ұлдары мен қыздарының, КСРО мемлекеті азаматтарының отты шайқастардағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбектерінің шежіресі. Сол кездегі қазақ журналистикасының ең кең тараған әрі жан-жақты дамыған саласы – күнделікті басылымдар, газеттер, барша жаңалықтарды қоғамға, оқырмандарға үзбей жеткізіп тұрды. Егер шындығында, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) ел алдындағы, Жаратушы алдындағы, қоғам үшін ең басты парызы мен міндеті – ақиқатты мүлтіксіз тарату арқылы барша азаматтардың сана сезімін оң бағытқа баулап, қоғамның дамуын қамтамасыз ету болса, соғыс жылдары БАҚ қызметкерлері өз борыштарын толығымен іске асырды, орындады, Отанды қорғаудың үлгілі жолдарын баяндады, тарихи мұра ретінде ұрпақтарға табыс етті. Бұл біздер үшін, біздердің болашақ ұрпақтарымыз үшін мәні мен құны мәңгілік тарихи деректер.
Сведения
- Журнал
- Izdenister natigeler
- Опубликовано
- 2020
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-3334
- Издатель
- Kazakh National Agrarian University