ОҚЫТУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕНІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Оқытудан күтілетін нәтижелер – оқу мақсаттарының орындалу көрсеткіші. Оқытудан күтілетін оқу нәтижелері мазмұнға сәйкес шығарылатын есептер, орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар, койылатын сұрақтарға жауаптар, т.б. арқылы нақтыланады. Ол оқып- үйренетін мазмұнға сәйкес құрылады. Қазіргі мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасауды «жаңартылған» бағдарламадағы оқу мақсаттар жүйесіне бағыттайды да, оқу мазмұны мен оның ішкі ерекшеліктері толық ескерілмейді. Ал жиынтық бағалау сол мақсаттар жүйесі шеңберінен шыға алмағандықтан, тақырыпты оқып-үйренудің біртұтас нәтижелері бола алмай отыр. Жұмыста жай бөлшек ұғымын енгiзу әдістемесіне байланысты мәлімет бере отырып, қалыптастырушы бағалауды жоспарлау мен «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану» тақырыбының жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгісі ұсынылған.
Сведения
- Журнал
- Izdenister natigeler
- Опубликовано
- 2020
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-3334
- Издатель
- Kazakh National Agrarian University