Central AsianResearch Index

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда азаматтардың агрессивтілігі, адамгершілігінің жоқтығы, жауапкершіліксіздігі және селқостығы көрініс табуда. Қоғамымыздағы интолеранттылық пен қақтығыстың терең әлеуметтік тамырлары бар. Олардың көзі әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтардың (бай мен кедей арасындағы үлкен алшақтық, отбасын лайықты ұстаудың күрделілігі, жұмыссыздықтың өсуі және т.б.) күрт өсуі болып табылады. Адамдардың бір-біріне төзбеушілігі, қақтығыстары жастардың арасында да орын алған. Мақаланың өзектілігі осыдан келіп шығады – білім беру жүйесіндегі толеранттылық жағдайын зерттеу. Мақаланың өзектілігі халықтың әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығының өсуіне, қоғам құрылымының өзгеруіне, адамдардың жаңа өмір салтының қалыптасуына, олардың мінез- құлқының, әдеттерінің, қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты. Өзгерістер қоғамда адамдар арасындағы да, елдер арасындағы да әлеуметтік теңсіздікті тереңдетуге алып келеді, кедейлер мен жұмыссыздар проблемаларын тудырады.

Сведения

Опубликовано
2020
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University