Central AsianResearch Index

ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ ТУРАЛЫ

Біздің ата-бабаларымыз «денсаулық – ең басты байлық» деген. Бұл қазіргі технологиялық даму кезеңінде де өзінің маңыздылығын жоймай отыр. Қазіргі уақытта, өкінішке орай, технологиялық дамудан қалыспау үшін дене тәрбиесімен айналысудың орнына интеллектуалды жағынан жетілуді көбірек ойлайтын қалалықтар көбеюде. Дене тәрбиесі – тұлғаның интегралдық тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қазіргі уақытта адамдар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. «Кәсібилік-парасаттылық» желісін іске асыруда жоғары кәсіби деңгейде практикалық қызметте өз функцияларын орындау мақсатында студенттердің жалпы және әлеуметтік мәдениетінің элементі ретінде дене тәрбиесінің мәселелерін философиялық, социологиялық, мәдениеттанулық, психологиялық- педагогикалық талдаудың қажеттілігі ерекше қызығушылық тудырады.

Сведения

Опубликовано
2020
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University