Central AsianResearch Index

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» – ОҚУШЫЛАР ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі рухани жаңғыру уақыты – бұл бәсекеге қабілеттілікті дамыту дәуірі. Елдің бәсекеге қабілетті болуы оны құрайтын бүгінгі ұрпақтың даму деңгейінен талап етіледі. Осыған байланысты жас ұрпақтың бойына тарихи, дәстүрлі, инновациялық білімдер мен технологиялық құзыреттіліктерді қалыптастырумен қатар, оларды табысты өмір сүруге үйрету, әлеуметтендіру қажеттілігі туындайды. Мақалада рухани жаңғыру жағдайында оқушылар тұлғасын әлеуметтендіру мәселесі қарастырылады. Әлеуметтену ұғымы анықталады. Әлеуметтену үдерісіне талдау жасалады. Әлеуметтену үдерісі оқу, еңбек іс- әрекеттерінде; қарым-қатынаста; өзіндік психикалық үдерістерін дамытуда жүзеге асады. Ал бұл болса, өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде өзін-өзі тану пәні ықпалының басымдығын дәлелдейді. Өзін-өзі тану сабақтарында оқытушының білім алушылармен тұлғалық қарым- қатынасы жүзеге асады. Осы үдерісте білім алушылар өзі туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы айтады, оларға талдау жасайды және адамгершілік тұрғыдан баға береді, өзін және басқаларды тыңдауға, оларға ізгілікпен және шыдамдылықпен қарым- қатынас жасауға, дағдыланады. Өзін тұлға ретінде сезінуі арқасында жаңа ойларын іске асыруға, жаңалықтар ойлап табуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, олар өмір тәжірибесінен алынатын адами мәнге, қоғамдық маңызға ие жағдаяттарды шешуде инновациялық шешімдерді іздестіру мен таңдауға дағдылануы барысында интеллектуалдық тұрғыдан дами түссе, қоғамға жат әрекеттерді сынау, өзінің және басқалардың мінез-құлқында сипат алған көріністерді бағалау, әлеуметтену арқылы рухани-адамгершілік сапалары артады. Бұдан басқа да оқушыларды оқыту барысында еңбек етуге, өмір сүруге, кәсіпке бейімдеу мәселелері қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2020
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University