ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ – ПЕДАГОГТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ БІРІ
Бұл мақалада педагогтың негізгі құзыреттілігі ретінде эмоционалдық интеллектіге талдау жасалды. Бұл мәселе әлеуметтік өзгерістер жиі болатын қазіргі заманғы ортада өте маңызды және өзекті болып табылады. Мақалада эмоционалдық интеллект педагогикалық қызметтің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Эмоционалдық интеллектінің негізгі компоненттері, мұғалімнің кәсіби қызметі мен олардың кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне қалай әсер ететіні беріледі. Педагог қызметінің ерекшеліктері және оның эмоционалдық құрамының мәні қарастырылады. Мақалада педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамытуға эмоционалдық интеллектінің әсер ету ерекшеліктері талданады. Білім беру үдерісінде педагогтың кәсіби қызметінде эмоционалдық интеллектін дамыту қажеттілігі дәлелденеді.
Сведения
- Журнал
- Izdenister natigeler
- Опубликовано
- 2020
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-3334
- Издатель
- Kazakh National Agrarian University