Central AsianResearch Index

Ғ. ЖАЙЛЫБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ИНТЕРМӘТІНДІК БАЙЛАНЫСТЫҢ МӘНІ

Мақалада Ғ. Жайлыбай өлеңдерінің интермәтіндік байланыстары зерттеледі. Абай поэзиясының ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін интермәтіндік жүйе қалыптастырғаны сарапталады. А. Құнанбаевтың поэзиясындағы образдар мен авторлық ойталқының қазіргі ақындарға әсері мен ықпалы қарастырылған. Ғ. Жайлыбай поэзиясы мен Абай шығармаларының арасындағы үндестік, сабақтастық, жалғастық, ықпалдастық деңгейлері сөз етілген. Ғ. Жайлыбайдың «Ардакүрең» жинағының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері анықталды. Ақынның Абай Құнанбаевқа арнаған өлеңдеріндегі интермәтіндік мәні бар компоненттердің авторлық ұстанымға қатысы талданып, сілтеме, аллюзия, реминесценция, пастиш, палимсест сияқты құбылыстардың көркемдік-эстетикалық қызметі анықталады. «Жаңғырық», «жартас» секілді концептілердің семантикалық және семиотикалық қырлары айқындалған.

Сведения

Опубликовано
2020
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University