Central AsianResearch Index

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЕМЕУЛІКТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сөздердің грамматикалық орны мен қызметі жағынан түрліше топтары бары белгілі. Алғаш рет көне гректер тарапынан сөздер қызметі мен мағыналарына қарай есім және етістік болып екіге бөлінген. Заманның дамуымен қатар тіл білімінің және тіл білімі салаларында пайда болған сөздердің басқа да қызметтерінің болатыны анықталған, сондай-ақ жіктеулер жасалып, сөз топтарының саны артқан. Ал қазіргі жалпы тіл білімнің теориясына орай сөз түрлері дербес мағынасы бар есімдер және етістіктер мен дербес мағынасы жоқ, тек грамматикалық қызметтегі тұлғалар ретінде саналатын көмекші сөздер болып жіктеледі. Басқа сөз таптарының мәселелеріне байланысты қалыптасқан тұрақты теорияларға шылау сөз табының ие болуы қазақ тіл білімі, қала берді түркология үшін аса маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі саналады. Қазіргі қазақ тіліндегі шылауларға байланысты мәселенің шешіміне тек түркі тілдерін салыстыра зерттеу арқылы ғана қол жеткізе алатынымыз анық. Түркі тілдерінде ерте кезден бері қолданыста келе жатқандығына қарамастан шылаулардың ішінде өте аз зерттелген сала – демеуліктер. Демеуліктер тілдегі белгілі бір грамматикалық категориялардың жасалуында да маңызды рөл атқарады. Екінші жағынан, модальдік мән беруге қажетті элемент болып саналады. Мақалада түркі тілдеріндегі демеуліктердің мағыналық ерекшеліктері нақты мысалдармен дәйектеліп салыстырылып қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2020
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University