Central AsianResearch Index

ФАРАБИ ТҰЛҒАСЫ – ТҮРКІЛІК ТАНЫМНЫҢ СИПАТЫ

Ә АБУОВ, H МАНСҰРОВ

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі, туған жері мен білім алған қалалары жайлы мәліметтер қарастырылған. Бұл ретте материалдар тұлғаның шын есімі, тегі, сипаты негізінде сараланған. Онда шығыс халқының кісі есімін атаудағы дәстүрі, ғалымның туып- өскен жері жайлы деректерге байланысты айтылған тарихшылардың пікірлері де қарастыры- лады. Келесі кезекте Әбу Насыр әл-Фарабидің білім алуы, алғаш өз елінде, кейіннен Шаш, Самарқан, Бұхара, Бағдат, Дамаск шаһарларында толықтырғандығы, сондай-ақ бірнеше тіл- дерді меңгергендігі сөз етіледі. Авторлар тұлғаның кезінде кең танылған мәдени орталықтарда білім алып, түрлі салада еңбек еткенін, әлемдік деңгейде танылғандығын атап, оның мұра-ларын бүгінде рухани жаңғыру аясында әлі де болса жан-жақты зерттеу қажеттігін ұсынады.

Сведения

Опубликовано
2020
Язык
Казахский
ISSN
2304-3334
Издатель
Kazakh National Agrarian University