Central Asian Research Index

Izdenister natigeler, 2024, № 4 (104), с. 245-253

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСЫМЫҚ ЕГІСТІГІНДЕ ДАРА ЖАРНАҚТЫ АРАМШӨПТЕРГЕ ҚАРСЫ ГЕРБИЦИДТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Берик Базарбаев, Абдумамат Кочоров, Ерлан Утельбаев, Абдрахман Алдабергенов

Аннотация · Abstract

Мақалада Солтүстік Қазақстанның далалы аймағы жағдайында оңтүстік карбонатты қара топырақтарында жасымық (Lens culinaris Medik) егістіктерінде арамшөптердің таралуы мен дамуын зерттеу нәтижелері келтірілген. Танаптық тәжірибелер Ақмола облысы Шортанды ауданы «А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО» ЖШС жағдайында жүргізілді. Зерттеулерімізде жасымықты далалы аймағы жағдайында өсіру кезінде ең көп таралған арамшөптер дәнді дақылдар тұқымдасына жататын өсімдіктер (даражарнақтылар) анықталды. Даражарнақты арамшөптердің зияндылығын шектеу үшін жасымық егістігінде гербицидтермен дақылдың өсіп-дамуының 4-6 жапырақтану кезеңінде, бір жылдық даражарнақты арамшөптердің 1-3 жапырақтану кезеңінде өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жасымық егістігінде бақылау жұмыстарын жүргізу барысында бір жылдық даражарнақты арамшөптердің барлық түрлері анықталды. Гербицидтердің биологиялық тиімділігі бақылаумен салыстырғанда арамшөптер санының азаюымен есептелінді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Суприм, к.э., Кинетик форте, к.э. және Кадим 240, к.э. препараттары жасымықтың өсіп-дамуы кезеңінде біржылдық даражарнақты арамшөптерге қарсы қолданылған нұсқаларда биологиялық тиімділігі тиісінше 88,5-77,3, 89,5-78,4 және 87,7-77,1% құрады. Біржылдық даражарнақты арамшөптерге қарсы химиялық препараттарды қолдану арамшөптердің санын шектеуге және сәйкесінше 8,5, 8,6 және 8,3 ц/га дақыл тұқымынан өнім алуға мүмкіндік берді.

Сведения · Details